Білім

Балдырған

Табиғат

Көрікті мезгіл келеді

Енді көктем келеді.

Күн жылынып, ән салып құстар орала бастайды.

Ағаштар бүршігін жарып, бәйшешектер гүлдейді.

Мал төлдеп, ақ молаяды.

Көктем — сұлу, әдемі, көрікті мезгіл.

Нұрдәулет МЕЙРАМБАЙ,

№4 орта мектептің 1-сынып оқушысы.

Шалқар қаласы.

Асыл жан

Қазына иесі

Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі — ананың қазынасы.

Ананың тілі, ананың мейірбандылығы, ананың махаббат сезімі, ізгілігі мен ізеттілігі, ақ көңілі мен адал ниеті, бәрі-бәрі адам ана құрсағында жатқанда-ақ түйіндеп, ананың уыз сүтімен бойға сіңеді. Сондықтан да болар-ау, атам қазақ ана парызын әке парызынан әлдеқайда жоғары қояды. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтылмайсың» деген сөз осыны аңғартпай ма?!

Әркім өз анасымен мақтанады, оны мадақтайды. Мен де ел сияқты анаммен мақтанамын, тұла бойымда титімдей ізгі қасиет болса, оны сол анамнан ауысқан деп білемін.

Данара ӘБДІРАХМАНОВА,

Северный орта мектебінің оқушысы.

Әйтеке би ауданы.

Жігер

Болашаққа барар жол

Егер адам тазалықты сақтаса ауырмайды. Табиғаттың берген бірінші байлығы — тазалық, денсаулық.

Денсаулық адам үшін маңызды. Кейбір адамдар ауырмайды, әдемі болып жүреді. Себебі олар спортпен шұғылданып, уақытында жуынып, дұрыс тамақтанып жүреді.

Кейбір адамдар болады: тазалықты сақтамай жүріп ауырады, ауруы асқынғанда көмек сұрап дәрігерге барады.

Адам, ең алдымен, денсаулықты күтіп, тазалықты сақтауы керек. Күнде бір уақыт таза ауада серуендеп жүру адамға үлкен күш береді. Әр адам өз денсаулығы үшін күресуі керек,.

Барша балаларға айтарым, болашақ — біздің қолымызда. Сол болашаққа дені сау, ақылды, мықты, ел сенімін ақтайтын азамат болып барайық.

Азизбек ХАЙРУЛЛИН,

№35 орта мектептің 2-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Біліп жүр

Қолбала қондырғы

Күнделiктi жұмыста жедел ақпарат алмасуға көп септiгiн тигiзетiн құралдардың бiрi — факс қондырғысы.

Шотландтық инженер Александр Бейн 1843 жылы тұңғыш факс машинасын жасап шығарып, оған арнайы патент алған.
Ол кезде бұл қондырғының көмегiмен телеграф сымы арқылы келген мәлiметтердi шойын әрiптермен теруге болатын. Мұндай құралдар тек мәтiндi ғана қабылдай алатын.

Ал қазiргi қолданыстағы факстердiң түрлi-түстi суреттер мен таңбаларды сол қалпында алуға, белгiлi бiр құжаттың көшiрмесiн жасай алатындай мүмкiндiктерi бар.
1966 жылы «Xerox» фирмасы факс аппаратын жетiлдiрiп, оны телефон желiсiне қосты.

Оқушының өлеңі

Жүрегімнің әні

Аймалаған балдырғанын — баласын,

Тірегімсің, тілегімсің, анашым.

Тал бойымды сусындатқан нәрімсің,

Жүрегімді жымыңдатқан әнімсің.

Гүлжаһан ӨТЕГЕНОВА,

№7 орта мектептің 4-сынып оқушысы.

Тоғыз стансасы,

Шалқар ауданы.

 

Жайма-шуақ көктемім

Анам менің — жайма-шуақ көктемім,

Сол көктемнен нәр алып мен көктедім.

Айналайын анашымның арқасы

Күліп ойнап бұл өмірге жеткенім.

Айдана СЕЙТІМОВА,

№4 орта мектептің оқушысы.

Ембі қаласы.

 

Біздің ауыл

Жарқамыс деген ауыл бар,

Көңілі шат қауым бар.

Жарқамысым — бақытым,

Жарқамысым — жақұтым.

Алтын арай таңы бар,

Жасыл желек талы бар,

Мыңғырып өскен малы бар,

Жарқамыста бәрі бар.

Нұртілек АЛПЫСБАЙ,

оқушы.

Жарқамыс ауылы,

Байғанин ауданы.

 

Дос

Дос дегенің — өмірдегі тірегің,

Жылағанда жұбататын бір емің.

Дос дегенің — екінші бір жүрегің,

Қасыңдағы бірге жылап, күлерің.

Толқын ҚОНАҚБАЕВА,

Еңбекту орта мектебінің оқушысы.

Әйтеке би ауданы.

Бетті жүргізуші Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button